Сүлейменова Гүлсім Сейлханқызы, 1945 жылы туған. 1968 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ филология факультетінің Роман-герман филологиясы бөлімін үздік бітірді. ҚазМУ доценті (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің 29.09.1998 ж. шешімі, № 1 хаттама). 1986 жылы қазанда тарих факультеті арнайы бөлімнің 5-курс студенттерімен өткізген сабағын CNN компаниясы 7 сериялы "The portrait of the Soviet Union" фильмі үшін түсірді, содан кейін фильм КСРО-да да, АҚШ-та да көрсетілді. ХҚФ-дағы сабақтарға 1994 ж. Бейбітшілік Корпусының және TASIC (Еуропалық Одақ) 1996 ж. өкілдері қатысты. Барлық сабақтар жоғары бағаға ие болды. 1973 ж. Мәскеу мемлекеттік университетінде, 1980 ж. Алматы шет тілдер педагогикалық институтында, 1988 ж. Джорджтаун университетінде (Вашингтон, АҚШ), 1997 ж. Оклахома мемлекеттік университетінде тәжірибе алып, АҚШ Елшілігі және British Council өткізген әртүрлі курстар мен семинарларға қатысты. 1968 жылдан бастап университетте ресми делегацияларды қабылдау кездерінде аудармашы болып жұмыс істеді. БҰҰ, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, ДСҰ, ДДҰ, ЕО, НАТО желісі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ауқымында өткен халықаралық форумдарда, конференциялар мен семинарларда аудармашы-синхронист ретінде жұмыс істеді. Халықаралық маңызы бар іс шараларға белсенді қатысты: - "Senim" Қазақ-Американдық фестивалінің қатысушысы және аудармашысы-Пенсильвания, АҚШ, 1992 ж.; - ҚР атынан Олимпиада ойындарының 100 жылдығына арналған үйлестіруші – аудармашылар тобының жетекшісі – Атланта, АҚШ, 1996 ж.; - БҰҰ желісі бойынша субөңірлік әйелдер конференциясының қатысушысы және аудармашысы – Бухарест, Румыния – 1996 ж.; - "How to meet a New Millenium" (жаңа мыңжылдықты қарсы алуға байланысты) халықаралық конференциясының қатысушысы және аудармашысы – Калифорния, АҚШ, 1999 ж. Ғылыми қызығушылық саласы: шет тілдерін оқытудағы ана тілінің рөлі, пәнаралық байланыстар (ағылш.тілі және қаз.тілі, ағылшын тілі және ұлттық тарих) және шет тілдерін оқыту үдерісіндегі салыстырмалы- салғастырмалы әдістеме.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1968 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
ҚазҰУ доценті |
29.09.1998 |
Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
Қазақстан гүлденуіне қосқан айрықша үлесі үшін" ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасы | 21.04.2000 |
Ы.Алтынсарин төсбелгісі | |
Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы |
0
құжаттар
0